TÚIE мен BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталары сатылымға шығарылады
TÚIE мен BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталары сатылымға шығарылады
Қазақстан Ұлттық Банкі 2024 жылғы 5 ақпаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан – TÚIE және "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" сериясынан – BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарын сатуға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2024жылғы 5 ақпаннан бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан – TÚIE және "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" сериясынан – BALQASH ALABUǴASY коллекциялық монеталарын сатуға шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сатуға мына коллекциялық монеталар шығарылады:
- TÚIE монетасы күмістен жасалған. Сынамасы – 925, бетінде диаметрі 1 мм гауһар тасы бар. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана;
Күміс монетаның бейнесі
- МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған TÚIE монетасының массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 000 дана;
Рrооf-like сапасымен мельхиордан жасалған монетаның бейнесі
- МН 25 мельхиор қоспасынан тұратын TÚIE монетасының массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 30 000 дана;
Brilliant uncirculated сапасымен мельхиордан жасалған монетаның бейнесі
- МН 25 мельхиор қоспасынан дйындалған BALQASH ALABUǴASY монетасының массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 20 000 дана.
Монетаның бейнесі
Қосымша айта кетейік, номиналы 5 000 теңгелікTÚIE және номиналы 1000 теңгелікBALQASH ALABUǴASY коллекциялық күміс монеталары сатуға кейін шығарылады. Клиент ол монеталарды кассадан өзі алып кете алады. Бұл монеталардың сатуға қашан шығарылатыны ҚҰБ сайтында қосымша хабарланады.