Цой жаңа қызметке тағайындалды

31 Қазан 2022, 18:10
1273
Бөлісу:
Цой жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін Президент Іс басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

А. Цой Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік академиясын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру докторы. 
Ол бұған дейін дәрігер-эндоскопист, «Еуроазиялық респираторлық қоғам" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, «ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ бастығы,  Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық аурухана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 

Сондай-ақ, бүгін Рустам Албаев Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры болып тағайындалды. Р. Албаев Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді, төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс Басқармасының Медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы