Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты ойын білдірді

5 Шілде 2020, 21:51
3188
Бөлісу:
Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты ойын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирус бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін әлеуметтік желілерде тарап жатқан шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты ойын білдірді.

Бұл бейне қазір әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралып жатыр. Жекеменшік клиниканың дәрігері, терапевт, реабилитолог, емдеу жүйесі мен асқынуларға қатысты түсініктеме береді және азаматтарды ем алудан бас тартуға шақырады. Қазақстанның әр өңіріндегі дәрігерлер, медицина саласындағы мамандар қазір бұл видеоға қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр, – деді ол брифинг барысында.

Министр Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттамалар халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды екенін айтты. 
Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Бұл тәсілдерді отандық ғылыми қайраткерлер, клиницистер әзірлейді. Емдеудің қандай да бір асқынулары жеке емдеу кестесіне тікелей тәуелді. Біздің пациенттермен тікелей жұмыс істейтін инфекционистер, дәрігерлер препараттарды қалай, қандай мөлшерде қолдануға болатынын, асқынулардың қалай және қайда білінетінін, тәуекелдер мен қарсы көрсетілімдердің қандай екенін біледі. Яғни, барлық жағдай препараттарды жеке қабылдауға тікелей байланысты. Бұл препараттар көп жылдан бері пациенттерді емдеп, аяққа тұрғызып келеді. Бұл жерде дәрігердің дәріні сауатты тағайындауына, клиникалық хаттамаларда жазылған кесте және емдеу нәтижесі де  тікелей байланысты, – деп түсіндірді ол.

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкентік дәрігердің  ұсыныстарын тыңдап, оны ғылыми қауымдастықта талқыға салып көру үшін онымен байланысуға тырысқанын, бірақ әзірге барлық әрекеттер сәтсіз болып шыққанын жеткізді. Ведомство оның барлық ұсыныстарын талқылау үшін реабилитологпен кездесуге қарсы емес.
Өзгелердің жаңалығы