Цой қанша медицина қызметкерінің жалақысы өсетінін айтты

2 Қыркүйек 2020, 11:04
2901
Бөлісу:
Цой қанша медицина қызметкерінің жалақысы өсетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласына 11 тапсырманы анықтады. Коронавирус инфекциясымен күресу бойынша дәрігерлерге төленетін үстемеақы жыл соңына дейін жалғасын табады. Ол үшін қосымша тағы 150 млрд теңге бөлінеді. Сәйкес есептер Қаржы министрлігіне бағытталды, - деді ол. 

Министр Мемлекет басшысының дәрігерлердің жалақысын кезеңмен көтеру тапсырмасына да тоқталды. 

247 мың медицина қызметкерінің жалақысын өсіру үшін 2021 жылы 222,3 млрд теңге, 2022 жылы 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557 млрд теңге. Отандық фармацевтиканы дамыту бойынша министрлік кешенді шараларды енгізеді. 13 жаңа жұқпалы аурухананы салу бойынша әкімдіктер жұмысты бастады. Бұл жұмыстар пандемияның екінші толқынына дайындық ретінде жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылы 20 ірі заманауи орталық салынады, - деді ол. 

Цой атап өткендей, 2021 жылдың қазан айының соңында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында 500 орындық 2 көпсалалы ғылыми зерттеу орталығы ашылады. 

Бұл пневмониялық тәуекелдерге жауап беруге ықпалдасады. Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша министрлік 2021-2023 жылдарға арналған жоспар дайындайды. Көмекті ауылдық тұрғындарға көрсетуге басымдық беріледі. Шалғай елді мекендерді қамту бойынша 100 автобус сатып алынады, - деді ол. 

Цой «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021 жылы эко жасауға квоталар саны 7 есеге артатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы