Цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Бүгiн, 18:24
127
Бөлісу:
Цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Фото: @KZgovernment

Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale басшылығымен цифрлық саладағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министр Олжас Бектенов TSC Global / GK Hyperscale компаниясы басшылары Майкл Дикерсон және Дэниел Дикерсонмен кездесті.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Үкімет инвестиция көлемін ұлғайту, озық технологиялар трансферті, өндірістерді локализациялауға және шетелдік инвесторлардың қатысуымен терең өңдеу кластерлерін құруға бағытталған.

Кездесу барысында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологиялар трансферті саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Компанияның есептеу қуатының өсуін қамтамасыз ету және IT қызметтер экспортын арттыру тәсілдері қаралды.

TSC Global / GK Hyperscale бас атқарушы директоры Майкл Дикерсон жоғары білікті мамандарға арналған 300-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін жобаға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті. 

Анықтама:

TSC Global / GK Hyperscale – елдер үшін қауіпсіз цифрлы инфрақұрылым құруға маманданған халықаралық компания. GK Аустралияда және басқа да бірқатар елде заманауи деректер орталықтарын (ДО) және инфрақұрылымдық жобаларды салумен әрі пайдаланумен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы