Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық біліктіліке қажеттілік артып келеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында мәлімдеді.
Цифрлық даму - экономиканың негізгі элементтерінің бірі. Тиімділігі жоғары, инновациялық экономиканы өсу факторы адами капиталды дамыту болып табылады. Цифрлық даму негізгі бағдарлардың міндетті түріне айналуда. Жылдан жылға цифрлық біліктіліке қажеттілік артып келеді, - деді Мамин.Премьер-министр атағандай, IT-мамандық бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып жатыр.
Цифрлық экономика біртіндеп еңбек саласын өзгертеді. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, физикалық міндеттермен айналысатын адамдардың 80 пайызын, ал деректерді өңдеумен айналысатын адамдардың 70 пайызын роботтар алмастырады. Сондықтан, IT-мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген адамдардың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды, - деді ол.
Асқар Мамин осы орайда бірқатар тапсырма берді.
2025 жылға қарай халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін кемінде 87 пайызға жеткізу және өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін дайындау қажет. Жалпы, барлық мемлекеттік орган мен әкімдіктер азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша шараларды күшейту қажет, - деді ол.