«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады

18 Тамыз 2023, 12:28
795
Бөлісу:
«Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу пункттері халықаралық мәртебеге ие болады
Фото: gov.kz

Сонымен бірге олардың жұмыс режімін де өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Үкіметтері арасында 2006 жылдың 4-ші қыркүйектегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің хаттамасына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы әзірленді, - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл құжаттың жобасында «Целинный» және «Сырдария» өткізу пункттерінің жұмыс режімін күндізгі тәулік уақытынан тұтастай тәулік бойы режімге ауыстырып, өткізу пункттерінің мәртебесін «екі жақтан» (мемлекетаралықтан) «халықаралыққа» (көпжақтыға) өзгерту қарастырылып отыр.

Аталған өзгеріс екі мемлекеттік шекаралық өңірлерінің ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, тауар айналымын ұлғайтуға және Орталық Азиядағы туризм саласының дамуына ықпал етуге тиіс.

Хаттаманың жобасы 2023 жылдың 17-ші тамызында «е-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Өзгелердің жаңалығы