Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес биыл желтоқсанда жұдырықтасуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Қазір өзін екінші орта салмақта өзін сенімді сезінетін Канело сол жақта қалатынын айтады. Оның алдағы жоспары мынадай: 8 мамырда Билли Джо Сондерсті 168-фунттағы WBO белбеуінен айыру, кейін Калеб Плантқа аттанып, IBF белбеуін иелену – бұл қыркүйекте болатын шығар. Артынша кім біледі (мүмкін, Геннадий Головкинге қарсы үшінші және соңғы жекпе-жек өткізіп қалар?), – деп жазды журналист.Сарапшының пікірінше, Головкин - Альварес жекпе-жегі желтоқсанда өтуі ықтимал. Алайда бұған дейін Головкин 31 желтоқсанда Жапонияда орта салмақта WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын.