Транскаспий дәлізі арқылы жүретін кемелер жолға шықты

3 Шілде 2024, 12:04
193
Бөлісу:
Транскаспий дәлізі арқылы жүретін кемелер жолға шықты
Фото: portaktau.kz

Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы көлік керуені салтанатты түрде аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақордада Көлік керуенін салтанатты түрде аттандыру үшін Көлік министрі Марат Қарабаев пен ҚХР Көлік министрі Ли Сяопэн екі ел басшыларын Ақтау портындағы жағдаймен таныстырды. Ақтау порты Ақордамен тікелей байланысқа шықты.

Транскаспий дәлізі арқылы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы алғашқы көлік керуенін салтанатты түрде аттандыруға байланысты бейнеролик таныстырылды.

Салтанатты рәсімде Тоқаев пен Си Цзиньпин кемелердің жүзуіне рұқсат берді.

Еске сала кетейік, Ақордада Қазақстан Президенті мен ҚХР төрағасы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қытайдың мемлекет басшысы Астанаға кеше келген болатын.

Бүгін Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды.

Кездесу барысында Тоқаев қазақ-қытай қарым-қатынасы дамудың жаңа алтын кезеңіне өткенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы