Трамптың ұлы әкесіне қастандық жасағандардың ұсталғанын айтты

Бүгiн, 07:48
167
Бөлісу:
Трамптың ұлы әкесіне қастандық жасағандардың ұсталғанын айтты
Фото: ТАСС

АҚШ президенттігіне Республикалық партияның атынан үміткер Дональд Трампқа гольф-клуб маңында қастандық ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы экс-президенттің ұлы мәлімдеді.

Бұл жағдай тағы қайталанды. Атыс Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич гольф клубында болған. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнынан АК-47 автоматы табылды. Деректерге сәйкес, күдікті қолға түсті, - делінген Х әлеуметтік желісінде таралған ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президентіне тағы да қастандық жасалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы