Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасына 2 минуттық видео қалдырды.
Ол ғимараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басып кірушілерді қуып шығару үшін Ұлттық гвардия мен федералды құқық қорғау органдарын тартуды дереу бұйырды.
Мен барлық сайлаушылардың дауыс беруге рұқсатын тексеру үшін және барлық болашақ сайлауға деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін сайлау туралы заңнаманы реформалауымыз керек деп санаймын, - деді Трамп.
Еске сала кетейік, Капитолийдағы тәртіпсіздіктерге байланысты президенттің әлеуметтік желілердегі парашқасы бұғатталған болатын.