Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамптың салығынан кейін доллар бағамы қалай өзгерді

5 Сәуір 2025, 17:31
1209
Бөлісу:
 Арман Мухатов
Фото: Арман Мухатов

Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі 5 сәуірге арналған валюта бағамы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық банктің 5 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 504,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,97 теңге. Еуро — 556,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 508 теңге. Еуро 557 — 565 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 505 теңге. Еуро 554 теңгеден сатып алынып, 564 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,86 - 6,10 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,79 теңгеге төмендеп, 504,34 теңге болған.

Валюта бағамдары күні бойы өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз, сондықтан валютаны айырбастамас бұрын ағымдағы мәндерді тексерген жөн.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа сауда саясаты аясында Қазақстаннан келетін тауарларға 27 пайыздық баж салығын енгізгені белгілі болған.

Өзгелердің жаңалығы