АҚШ-тың экспорттық салығына қатысты сараптама жүргізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл жаңалық бүгін белгілі болды. Қазір сауда министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Сараптама жұмыстарын жүргіземіз. Онда қарастырылады: Қазақстаннан кім экспорт жібереді, қанша шаруашылықтан, не жіберіп жатыр және қандай қолдаулар бар. Кейін Сауда және Ауыл шаруашылығы министрлігі шешім қабылдайды. Шешімді Серік Мақашұлы қабылдайды. Меніңше аса әсер беруге тиісті емес, - дейді ол Үкіметтің баспасөз қызметінде өткен брифингте.
Ведомство басшысы бүгінгі таңда АҚШ-қа желімтек(клейковина), крахмал және глютенді экспорттап отырғанымызды айтты.