Трамптың кесірі: Илон Маск байлығының төрттен бірінен айырылды

8 Наурыз 2025, 13:05
1712
Бөлісу:
Трамптың кесірі: Илон Маск байлығының төрттен бірінен айырылды

Tesla акциялары құлдырап, Илон Маск миллиардтаған доллар жоғалтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Forbes басылымының мәліметінше, Илон Масктың Tesla компаниясының акциялары Дональд Трамп енгізген тарифтерге байланысты күрт төмендеген.

Әлемдегі ең бай адам, сондай-ақ АҚШ үкіметінің тиімділік басқармасының басшысы Илон Маск айтарлықтай қаржылық шығынға ұшырады.

Forbes мәліметінше, бейсенбі күні Масктың байлығы 8,8 миллиард долларға азайып, 342,8 миллиард долларды құрады.

Бұл көрсеткіш 17 желтоқсанда тіркелген 464 миллиард долларлық рекордтық деңгейден 121,2 миллиард долларға төмен.

Tesla-ның акциялары 6%-ға төмендеп, 263 доллар деңгейінде тұрақтады. Бұл өткен жылдың соңындағы рекордтық бағасынан шамамен 45%-ға төмен.

Tesla акциялары сайлау күнінен бері ең төменгі деңгейде саудаланды, - деп жазады Forbes.

Компания акцияларының құлдырауы S&P 500 индексінің 1,8%-ға төмендеуіне әсер етті. Басылымның жазуынша, Трамп енгізген тарифтер инвесторлардың сеніміне кері әсер еткен.

Өзгелердің жаңалығы