“Трамптың бейбіт бастамаларын бұзды”: Мәскеу Киевті айыптады

Кеше, 21:24
213
Бөлісу:
“Трамптың бейбіт бастамаларын бұзды”: Мәскеу Киевті айыптады

21 наурызда Ресей Қорғаныс министрлігі Украина әскері Курск облысындағы “Суджа” газ өлшеу станциясын жарып жіберді деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәскеу бұл әрекетті АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт бастамаларын дискредитациялау үшін жасалған әдейі арандатушылық деп бағалады.

Ресей тарапының мәлімдемесі бойынша, Украина Қарулы күштері (ВСУ) 21 наурызда түнгі 00:20 шамасында “Суджа” станциясын жарып жіберген. Станция бірнеше жүз метр қашықтықта, Ресей-Украина шекарасының маңында орналасқан. Ол 7 тамыздан бері украиналық әскердің бақылауында болған. Бұрын “Суджа” арқылы Еуропаға тәулігіне 40 миллион текше метрден астам газ тасымалданатын.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украина армиясын Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына жүйелі түрде шабуыл жасап, Трамптың бастамасын әдейі бұзды деп айыптады.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабы бұл айыптауларды жоққа шығарып, “Суджаны” Ресей әскерінің өзі атқылады деп мәлімдеді.

Бұл айыптаулар негізсіз. Ресей ақпараттық соғысын күшейту үшін бұл обьектіні өзі артиллериямен атқылады, – делінген украиналық мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 43 ұшқышсыз басқарылатын аппаратын (БПЛА) жойғанын хабарлады. 34 дрон Волгоград облысында атылды, 4 – Ростов облысында, 4 – Курск облысында, 1 – Белгород облысында.

Киев бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

18 наурызда Владимир Путин Дональд Трамптың Украина мен Ресейдің 30 күн бойы энергетикалық нысандарға шабуыл жасамау туралы ұсынысын қолдаған.

Украина президенті Владимир Зеленский де келісімге келіскен, бірақ “Ресей біздің инфрақұрылымға шабуыл жасаса, біз жауап береміз” деп ескерткен. Келесі түнде екі тарап бір-бірін келісімді бұзды деп айыптап, энергетикалық нысандарға шабуылдарын жалғастырды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 21 наурызда Путиннің украиналық энергообъектілерге шабуыл жасамау туралы бұйрығы әлі де күшінде екенін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы