Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамптың баж салығы Ресей экономикасына ауыр соққы болды

5 Сәуір 2025, 20:29
1736
Бөлісу:

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы тікелей баж салығын енгізбесе де, оның шешімдері Ресей экономикасына теріс әсер етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарапшылар АҚШ президенті Трамптың жаһандық сауда соғысның кесірінен Ресейдің қор биржасында үлкен құлдырау болғанын айтады. Мәскеу биржасының капитализациясы 23,7 миллиард долларға төмендеген.

MOEX Russia индексі соңғы бірнеше күнде 8%-ға төмендеген. Бұл соңғы 3 жылдағы ең үлкен құлдырау.

Сонымен қатар, «Сбербанк» (5,2%), «Газпром» (4,9%), «Мечел» металлургия және көмір өндіруші компаниясының акциялары (7%) және «Новатек» газ компаниясының акциялары (5,4%) да арзандады.

Аналитиктердің пікірінше, АҚШ тарифтері әлемдік экономиканың баяулауына және мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдай Ресей экономикасына да ауыр әсер етуі ықтимал.

Трамптың жаһандық тарифтерінің әсерінен бөлек, ОПЕК-тің мамыр айында мұнай өндіруді үш есе арттыру жоспары да Ресейдің қор биржасына ықпал етті.

Өзгелердің жаңалығы