АҚШ-та сауда тарифтері мен нарық тұрақсыздығына байланысты Трамп әкімшілігінің кеңесшісі Питер Наварро сынның астында қалды. Оның бастамасымен енгізілген импорттық баж салығы қор нарығының құлдырауына және мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
РИА Новости агенттігінің мәліметінше, Tesla мен SpaceX басшысы Илон Маск бұл шешімдерді ашық сынға алып, Наварроны кәсіби және зияткерлік қабілетінің төмендігі үшін айыптады.
Ол — нағыз ақымақ, тіпті кірпіш толы қапшықтан да ақылы төмен, - деп мәлімдеді Маск.
Сондай-ақ ол кеңесшінің Harvard университетінен алған дәрежесін де келемеждеді.
Наварро да қарап қалмай, Маскты "көлік құрастырушы ғана" деп атады және оның шетелдік арзан бөлшектерге тәуелді екенін алға тартты.
Ақ үй болса, бұл тартысты сабырмен қабылдады.
Олардың саудаға көзқарасы әртүрлі. Ұлдар ұрсысып тұрады, бұл — қалыпты жағдай, - деді Трамптың баспасөз хатшысы.
Наварроға қатысты сын тек Масктан емес, АҚШ-тағы түрлі саяси лагерьлерден де айтылып жатыр. Сарапшылар оны жаңа жаһандық экономикалық тұрақсыздықтың негізгі себепкерлерінің бірі деп бағалауда.