Трамппен сөйлескен Зеленский не ойлайтынын ашып айтты

Бүгiн, 01:15
613
Бөлісу:
Трамппен сөйлескен Зеленский не ойлайтынын ашып айтты
Фото: bbc.com

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық көшбасшы Дональд Трамппен телефонмен сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Deutsche Welle таратқан мәліметке сәйкес, өз пікірін ол Х әлеуметтік желісінде қалдырған.

Зеленский Трапм оған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен жүргізген келіссөзінің мән-жайын айтқан. Украина мен АҚШ көшбасшылары энергетикалық және азаматтық инфрақұрылым бойынша соққыны тоқтату мәселесін талқылаған.

Мен бұл қадамды қолдадым, - деп атап өтті Зеленский.

Сондай-ақ ол Киев алдын ала талапсыз атысты толықтай тоқтату туралы америкалық тараптың ұсынысын қабыл алғанын мәлімдеді.

Біз мұндай қадамдар атысты тоқтату кезінде жаппай бейбіт келісімге дайындау үшін мүмкіндік тудыруға қажет деп есептейміз, - деді Украина президенті.

Сондай-ақ Киев пен Вашингтон өз командаларына атысты жартылай тоқтатуды іске асыру және кеңейтуге байланысты техникалық мәселелерді шешуді тапсырған.

Сонымен қоса Зеленский жуырда Сауд Арабиясында украиналық және америкалық тараптың келіссөздері өтетіндігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы