АҚШ Президенті Дональд Трамп жасанды интеллект арқылы жасалған видео жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Онда американдықтар Газа секторын қалпына келтіргеннен кейін бұл өңірдің қалай өзгеретіні көрсетілген.
Видеода сәнді курорт, алтынмен безендірілген дүкендер, Trump Gaza деген ғимарат (мүмкін, казино), шезлонгта демалып жатқан адамдар, Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Трамптың мүсіні көрсетілген.