Трамп Вашингтонда әлемдегі ең ірі Триумф аркасын салуды жоспарлап отыр

Арка ашық түсті тастан салынып, алтын жалатылған элементтермен безендіріледі

 The White House Бүгiн 2026, 09:16
Бүгiн 2026, 09:16
112
Фото: The White House

АҚШ президенті Donald Trump Вашингтонда әлемдегі ең үлкен триумф аркасын тұрғызу жоспары барын мәлімдеді. Бұл жоба 250 футтық биіктікте болуы мүмкін және әлемдегі ең ірі осындай нысанға айналмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін менің әкімшілігім Әсем өнер комиссиясына әлемдегі ең үлкен әрі ең әдемі триумф аркасын салу жөніндегі таныстырылым мен жоспарды ресми түрде ұсынды, – деп жазды Donald Trump өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жазбаға Harrison Design компаниясы әзірлеген жоба фотосы қоса берілген. Көрсетілген суретте арка ашық түсті тастан жасалып, алтын жалатылған бөлшектермен көмкерілген. Екі қапталында ірі қыран құстардың мүсіні орналасса, ортасында алтын түсті мүсін бейнеленген.

Наверх