Трамп Украинаның оппазициясымен жасырын келіссөздер жүргізген

Бүгiн, 16:38
535
Бөлісу:
Трамп Украинаның оппазициясымен жасырын келіссөздер жүргізген
Фото: thumbnails.cbc.ca

АҚШ президенті Дональд Трамптың көмекшілері Украина оппозициясының өкілдерімен құпия келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Politico басылымына сілтеме жасап.

Кездесу Украина бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко және елдің экс-президенті Петр Порошенконың партия мүшелерімен өткен. Басылымның ақпаратына сүйенсек, талқылаулар Украинада президенттік сайлау өткізу мүмкіндігіне бағытталған, яғни бітімгерлік келісім жасалғаннан кейін, бірақ толыққанды бейбіт келіссөздер басталғанға дейінгі кезеңде.

Порошенконың адамдары мен Юлия Тимошенко Трамптың айналасымен байланыс орнатуға тырысып жатыр. Олар өздерін АҚШ-пен жұмыс істеуге анағұрлым ыңғайлы адамдар ретінде көрсетуде және Зеленский келіспейтін мәселелер бойынша ымыраға баруға дайын, -делінген Politico.

Өзгелердің жаңалығы