Трамп Украинамен келіссөзге қатысты пікір білдірді

13 Сәуір 2025, 12:42
1005
Бөлісу:
Трамп Украинамен келіссөзге қатысты пікір білдірді
Фото: The Hill

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтату жөніндегі келіссөздер “жақсы жүріп жатқанын” мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.KZ The Hill басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Украина мен Ресей арасындағы жағдай қалыпты. Жақында бәрі белгілі болады. Әрекет ету керек сәт туады. Қалай боларын көре жатармыз, бірақ меніңше, бәрі жақсы бағытта келе жатыр, – деді Трамп Air Force One бортында журналистерге.

Айта кетейік, бұған дейін Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Осыған байланысты АҚШ президенті Кремльге үндеу жасап, Украинадағы қантөгісті тоқтату үшін нақты әрекетке көшуді сұраған еді.

Өзгелердің жаңалығы