Трамп Украинадағы соғысты неге 24 сағатта тоқтата алмағанын айтты

Бүгiн, 09:45
763
Бөлісу:
Трамп Украинадағы соғысты неге 24 сағатта тоқтата алмағанын айтты
Фото: depositphotos.com

Дональд Трамп сайлау науқаны кезінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты 24 сағат ішінде шеше алатынын бірнеше рет айтқан еді.

Бұл көптеген адамға шындыққа жанаспайтын мәселе болып көрінді және ол әлі орындалмады. Дегенмен Full Measure бағдарламасының жүргізушісі Шэрил Атткиссон бұл туралы АҚШ президентінен тікелей сұрады. Бұл жексенбіде толық көрсетілетін сұхбаттың анонсында көрсетілген.

Сол кезде мысқылдап айттым, — деп жауап берді Трамп. — Менің нақты айтқым келгені — бұл қақтығыстың шешілгенін қалаймын. Менің қолымнан келеді деп ойлаймын.

Сонымен қатар бағдарлама анонсында Трамп Ресеймен атысты тоқтату туралы келіссөздер әлі де жақсы жүріп жатқанын айтты.

Дүйсенбіде бұл жайында көбірек білеміз, жақсы болады деп үміттенеміз, — деп қосты Трамп нені меңзегенін ашып айтпай.

Өзгелердің жаңалығы