Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка президенті Зеленскиймен әңгіме туралы сұраққа жауап бергісі келмеді, журналист қайта бастағанда оны «фейк ньюс» өкілі деп атады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігі журналисінің Украина президентімен телефон арқылы сөйлесуі туралы сұрағында шырт жауап қайтарды. Бұл туралы сәрсенбі күні Reuters хабарлады.
Ашуға бой алдырғанын Трамптың дауысынан білуге болады. Журналист Трамп Хантер Байденнің (Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер Джо Байденнің ұлы) Украинамен іскерлік байланысы туралы біліп қалса, Украина президенті Владимир Зеленский не істер еді деп сұрады.
«Мұның барлығы – жалған. Сіз де кімнің өтірік ойнап отырғанын білесіз. Сіз және елдегі сіз сияқты адамдар «фейк ньюс», - деп Трамп дауысын көтерді.
Оның алдында Трамп журналиске дөрекі болма деп, өзі бірнеше рет жауаптан қашуға тырысты.