АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескеннен кейін теміржол жабдықтарын сатып алу бойынша жасалған мәміленің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол бұл туралы Truth Social-дағы парақшасында жазды.
Мен жаңа ғана Қазақстанның құрметті президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен әңгімелесіп болдым. Олар құны 4 млрд доллар болатын американдық локомотивтер мен теміржол жабдықтарын қамтитын тарихтағы ең ірі келісімге қол қойды. Біз көптеген жылдар бойы "жалған экологтардың" шабуылына ұшырап келген АҚШ-тағы теміржол саласын қолдауымыз керек, - деп жазды Трамп.
Сондай-ақ АҚШ басшысы Тоқаевты осы ірі келісімге қол жеткізуімен құттықтады.
Бұл ел де және бүкіл әлем де сенімді және әдемі теміржолдардан тұрады. Енді олар қайта келіп жатыр, онда да тез! – деп сөзін түйіндейді Трамп.