Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп TikTok-тың бақылауда болатынын жариялады

26 Қыркүйек 2025, 09:34
455
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ-та TikTok-ты сатуға қатысты жарлыққа қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok қызметін американ және халықаралық инвесторларға сатуға қатысты жарлыққа қол қойды. Мәмілеге Dell Technologies, Fox Corp және әлемдік деңгейдегі бірнеше инвесторлар қатыспақ.

Трамп TikTok-тың "толықтай америкалықтардың бақылауында болатынын" атап өтті. Оның сөзінше, Қытай төрағасы Си Цзиньпин бұл жоспарларды мақұлдаған.

Мәмілеге Dell Technologies компаниясының негізін қалаушы, төрағасы және бас директоры Майкл Делл; Fox News иесі Fox Corp компаниясының төрағасы Руперт Мердок, News Corp газетінің баспагері және әлемдік деңгейдегі төрт-бес инвестор қатысуы мүмкін.

Вице-президент Джей Ди Вэнс жаңа америкалық компанияның құны шамамен 14 млрд доллар болатынын айтты, бұл кейбір сарапшылардың бағалауларынан едәуір төмен.

Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, Oracle және Silver Lake компанияларын қоса алғанда үш инвестор TikTok US акцияларының шамамен 50%-ын сатып алады. ByteDance қазіргі акционерлеріне шамамен 30% акция тиесілі болады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Қытай TikTok бойынша ортақ шешімге келген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы