Трамп сот үкіміне қарсы шағым берді

12 Мамыр 2023, 18:38
691
Бөлісу:
Трамп сот үкіміне қарсы шағым берді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналист Элизабет Джин Кэролды зорлау ісі бойынша сот үкімін қайта қарауды сұрап, шағым жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше Нью-Йорк соты бұрынғы мемлекет басшысы тілшіге сұғанақтанып, ұрып соқты деп шешім қабылдаған еді. 

Өтемақы ретінде Трампқа 5 миллион доллар айыппұл төлеуді міндеттеді. Бірақ Трамп өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, мұның бәрін жалған деп отыр. 

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында журналист Элизабет Джин Кэррол экс-президенттің өзін жәбірлегені жайлы сотқа шағымданған болатын.

Өзгелердің жаңалығы