Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: Шатдаун болса да, америкалықтар аш қалмайды

1 Қараша 2025, 12:46
726
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық үкіметтің жұмысын тоқтатуға (шатдаун) қарамастан, азаматтарға арналған азық-түлік көмегі бағдарламасын (SNAP) жалғастыруды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақ үй басшысы ел тұрғындарының қаржыландырудың тоқтауына байланысты "аш қалуына жол бермейтінін" атап өтті. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамптың айтуынша, үкімет заңгерлері қаржыландыру мерзімі аяқталғаннан кейін төлемдерді жалғастырудың заңды негізі бар-жоғын зерттеп жатыр. Дегенмен президент оларға SNAP бағдарламасын заңды түрде қаржыландырудың барлық мүмкін жолдарын қарастыруды тапсырған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, азық-түлік көмегі бағдарламасының тоқтауы шамамен 42 миллион америкалыққа әсер етуі мүмкін. 

Егер сот бізге заңды рұқсат берсе, бағдарламаны қаржыландыру мен үшін үлкен мәртебе болады, — деді Дональд Трамп.

Еске салайық, 1 қазанда АҚШ-та шатдаун басталды — Конгресс федералдық бюджет қаржыландыруын ұзарту жөніндегі заң жобасы бойынша келісімге келе алмаған соң, бірқатар мемлекеттік мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылған.

Өзгелердің жаңалығы