Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға уәде берді

АҚШ президенті қақтығысты реттеу күткеннен күрделі болып шыққанын айтты.

 Shutterstock Бүгiн 2026, 10:17
Бүгiн 2026, 10:17
181
Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтауға күш салып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үдеріс бастапқыда ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып шыққан.

ABC News арнасының хабарлауынша, Эндрюс әскери әуе базасында журналистер алдында сөйлеген Трамп қақтығысты тезірек реттеуге үміттенгенін, алайда келіссөздер оңай жүрмей жатқанын айтты.

Біз Украина мен Ресей арасындағы соғысты аяқтауға тырысып жатырмыз. Оның аяқталғанын көргім келеді. Мен мұны ең оңай шешілетін мәселе болады деп ойлағанмын, бірақ ол сәл күрделірек болып шықты. Дегенмен біз бұған қол жеткіземіз, – деді Трамп.

Сонымен қатар АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі кезінде Украинаға көрсетілген америкалық көмектің көлемін тағы да сынға алды.

Трамптың пікірінше, Киевке берілген америкалық қару-жарақтың шығынын Еуропа елдері өтеуі тиіс еді.

Джо Байденнің кезінде АҚШ Украинаға берген 350 миллиард долларлық қару-жарақтың ақысын Еуропа төлеуі керек болатын, – деді ол.

Наверх