АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, екі ел арасындағы келісімге қол жеткізетін күн жақын.
Менің ойымша, біз келісімге қол жеткізуге өте жақынбыз. Әрі қарай не болатынын көрейік, – деді ол.
Президент бұл пікірін Алғыс айту күніне (Thanksgiving) орай Ақ үйдің бағында ұйымдастырылған іс-шара барысында айтты.
Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты мүмкіндігінше тез аяқтағылары келетінін атап өтті. Оның айтуынша, тек өткен айдың өзінде осы соғыста шамамен 25 мың ресейлік және украиналық сарбаз қаза тапқан. Ол жақын уақытта бейбіт келісім жасалады деген үмітін жеткізді.
Келісімге өте жақынбыз деп ойлаймын. Алдағы жағдай қалай өрбитінін көрейік, – деді Трамп.
Трамп бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты шешу оңай деп есептегенін, бірақ президент болған соң және бұл мәселемен терең айналысқанда бұл соғыстың өзі ойлағаннан әлдеқайда күрделі екенін түсінгенін айтты.
Дегенмен бір жылдан аз уақыт ішінде белгілі бір прогреске қол жеткіздік деп ойлаймын, – дейді АҚШ көшбасшысы.