АҚШ-тың ресми тұлғалары Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Мәскеуге аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BCC-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін Сауд Арабиясындағы келіссөздер қорытындысы бойынша украин тарапы 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келген еді.
Джиддадағы кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленский енді АҚШ Ресейдің бітімгерлік ұсынысын қабылдауына ықпал етуі керек деп мәлімдеді.
Кремль бұл ұсынысты қарастырып жатқанын және жақын арада Ресей президенті Владимир Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлесуі мүмкін екені айтылды.
Трамп атысты тоқтату мүмкіндігіне қатысты "оң сигналдар" барын айтады.
Бірақ оң сигналдардың өзі жеткіліксіз. Бұл өте күрделі жағдай, - дейді АҚШ басшысы журналистерге.
Оның айтуынша, егер Ресей соғысты жалғастыруды шешсе, оған қарсы "қатаң" санкциялар енгізілуі мүмкін.
Мен қаржылық тұрғыдан Ресей үшін өте жағымсыз болатын шараларды қолға ала аламын, – деді Трамп.
"Бірақ мен мұны жасағым келмейді, өйткені мен бейбітшілік орнағанын қалаймын" деп қосты ол.
Сонымен қатар, ол украин тарапының ұстанымы өзгергенін айтты.
Бұрын маған да бейбітшілікті қаламайтындай адам болып (Зеленский) көрінген еді. Енді ол бейбітшілікке келісті. Сондықтан көреміз, – деп қосты АҚШ президенті.