Трамп Қытай тауарларына қосымша салық енгізеді

Бүгiн, 08:57
351
Бөлісу:
Трамп Қытай тауарларына қосымша салық енгізеді
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

Трамп Қытайдан әкелінген тауарларға қосымша 10% салық салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The New York Times басылымының мәліметінше, АҚШ президенті 4 наурыздан бастап Қытай, Мексика мен Канададан әкелінген тауарларға 10% көлемінде қосымша салық енгізетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ Трамп дүйсенбі күні өткен жиналыста мигранттар ағынының қысқарғанын мәлімдеді.

Бірақ осы орайда ол жоғарыда аталған үш мемлекеттен АҚШ-қа келетін есірткімен күресте ешқандай нәтижені көрмей отырғанын алға тартқан.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Ресейге қарсы санкцияны тағы бір жылға ұзартқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы