Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп қысымынан кейін Гарвард университеті активтерін 1 млрд долларға сатпақ

25 Сәуір 2025, 08:57
577
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

АҚШ-тың жетекші білім ордасы – Гарвард университеті Дональд Трамп әкімшілігінің қысымынан кейін өзінің инвестициялық портфелінің бір бөлігін сату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, университет Jefferies Financial Group арқылы Lexington Partners инвестициялық компаниясымен 1 миллиард доллар көлеміндегі активтерді сату бойынша жұмыс істеуде. Бұл келісім Гарвардтың жеке қорындағы инвестициялық акциялар портфелін қамтиды. Қазіргі уақытта мәміле шарттары нақты аяқталмаған және келіссөздер жалғасып жатыр.

Гарвард университеті бұл активтерді сатуға Трамптың билікке келуінен бұрын, 2024 жылы-ақ кірісе бастаған болатын. Алайда 2025 жылы жағдай күрделене түсті. Себебі, АҚШ Білім министрлігі 15 сәуірде Гарвардқа бөлінетін 2,2 миллиард долларлық гранттар мен 60 миллион долларлық ұзақ мерзімді келісімшарттарды тоқтатқаны белгілі болды.

Бұл шешім президент Дональд Трамптың оқу орнын "либералды тәртіпсіздіктің ошағы" және "демократияға қауіп төндіретін ұйым" деп айыптауы аясында қабылданды. Трамп Гарвардты саяси ұйым ретінде қарап, оны салық салынбайтын мәртебеден айыруды да ұсынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы