Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Путинмен кездесудің сәтті өту мүмкіндігін 75% деп бағалады

14 Тамыз 2025, 22:58
703
Бөлісу:
 Annabelle Gordon / Reuters
Фото: Annabelle Gordon / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен Аляскада өтетін кездесудің сәтті өту мүмкіндігін 75% деп бағалады. Бұл туралы ол Fox News Radio-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, кездесудің сәтсіз аяқталу ықтималдығы – 25%.

Бұл шахмат ойынына ұқсайды. Бұл кездесу екінші кездесуге дайындық ретінде қызмет етеді. Бірақ сәтті болмауының 25 пайыздық мүмкіндігі бар, – деді АҚШ президенті.

Егер келіссөздер нәтижелі болса, Трамп Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесу ұйымдастырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Үшжақты келіссөздерге арналған "үш түрлі орын" қарастырылып жатқанын, олардың арасында Аляска да бар екенін атап өтті.

Бұған дейін Трамп 15 тамызда Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы