АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуға және келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен Ресейге зиян тигізейін деп жатқаным жоқ. Мен орыс халқын жақсы көремін және радикалды солшылдардың жалған айыптауларына қарамастан президент Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдым, - деді Трамп.
Сондай-ақ ол Ресейдің екінші дүниежүзілік соғыста ұлы жеңіске үлкен үлес қосқанын, ондаған миллион адамын жоғалтқанын атап өтіп, орыс халқына құрмет білдірді.
Трамп егер жақын арада бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, ол ресейлік өнімдерге жоғары салықтар, тарифтер мен санкциялар енгізуге мәжбүр болатынын мәлімдеді.
АҚШ президенті соғыс тоқтатылуы керек деп санайды, өйткені бұл соғыс тек адам шығыны мен экономикалық зардаптарға әкеліп соғатындығын жазды.
Осылай дей отырып, мен экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге үлкен жақсылық жасайын деп тұрмын. Мына басқа сыйғысыз соғысты аяқтаңыз, қазір тоқтатыңыз! Әйтпесе, бұдан да жаман болады! Мәмілеге келетін уақыт келді. Енді адамдар өлмеуі керек, - деді Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Американың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуына байланысты атқарушы актіге қол қойғаны хабарланған.