Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Путин мен Зеленскийдің алғашқы кездесуіне қатыспауы мүмкін

19 Тамыз 2025, 23:58
722
Бөлісу:
 REUTERS
Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина басшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы алғашқы келіссөзге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Fox News-ке берген сұхбатында ол екі елдің басшылары алдымен жеке форматта кездескені дұрыс болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Олар ең жақсы достар емес, білесіздер. Кездесуді алдымен екеуі өзара өткізсін деп ойладым. Мен кеше Путинмен сөйлестім, қарым-қатынасымыз жақсы. Бірақ бастысы – бәріміздің ортақ шешімге келуіміз, - деді Трамп.

Сонымен бірге ол қақтығысты реттеу ісін соңына дейін жеткізгісі келетінін айтып, өзінің тәжірибесін еске салды.

Мен жеті соғысты тоқтаттым. Бұл қақтығыс ең жеңілі болады деп ойлағанмын, бірақ керісінше ең қиыны болып шықты, - деді АҚШ президенті.

Ал Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Украинаға қатысты келіссөздерден бас тартпайтынын, екіжақты да, кеңейтілген форматта да жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бастысы – болашақ саммиттерге байыпты әрі кезең-кезеңімен дайындалу.

Өзгелердің жаңалығы