Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп пен Зеленскийдің НАТО саммитіндегі кездесуі: президенттер не туралы сөйлесті?

26 Маусым 2025, 00:32
559
Бөлісу:
 t.me/V_Zelenskiy_official
Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Нидерланды астанасы Гаага қаласында өткен НАТО саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский жеке кездесу өткізді. Шамамен 50 минутқа созылған диалог барысында тараптар Украинадағы жағдайды, қорғаныс мәселелерін және екіжақты ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Владимир Зеленский кездесуден кейінгі мәлімдемесінде АҚШ тарапына алғыс білдіріп, кездесудің мазмұнды өткенін атап өтті. Украина президенті атысты тоқтату, бейбітшілікке жету жолдары және украин халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды маңызды тақырыптардың көтерілгенін жеткізді.

Кездесу барысында Зеленский Украинаға PATRIOT әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу мүмкіндігін талқылағанын айтты. Оның сөзінше, Украина бұл жүйелерді сатып алуға дайын және бұл қадам АҚШ қару-жарақ өнеркәсібіне де қолдау болмақ. Сонымен қатар, АҚШ-пен бірлескен дрон өндірісі туралы да сөз болған.

Дональд Трамп бұл ұсынысқа оң көзқарас танытып, АҚШ-тың Украинаға көмектесу жолдарын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Дегенмен, ол PATRIOT жүйелеріне сұраныс өте жоғары екенін және оларды өндіру мен жеткізу оңай емес екенін де атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы