Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Кеше, 21:49
415
Бөлісу:
Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: tsn.ua

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақ үй әкімшілігіне сілтеме жасай отырып, NBC News арнасы мәлімдеді.

Белгілі болғандай, екі ел басшысының арасындағы әңгіме 2,5 сағатқа жуық уақытқа созылған.

Алдыңғы әңгіме жыл басында, 12 ақпанда болған. Бұған дейін Ресей мен АҚШ басшылары үш жыл бойы сөйлеспеген еді.

Соңғы рет Путинмен сөйлескенде Украинадағы оккупацияланған жерлерді, Курск облысындағы жағдайды және Запорожье АЭС-ін талқылайтынын айтқан. 

Өзгелердің жаңалығы