АҚШ президенті Дональд Трамп мен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Бұл турады BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Америка президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Ресей басшысымен Украина, Таяу Шығыс, энергетика және басқа да бірқатар тақырыптарды талқылағанын жазды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамптың телефон арқылы сөйлескенін ресми түрде растады.
Әңгіме 1,5 сағатқа созылған.
Әңгіме барысында Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты дереу тоқтатып, мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынған.
Сөз соңында Владимир Путин Дональд Трампты Мәскеуге келуге шақырған.