Трамп пен Харрис пікірталас өткізеді

Бүгiн, 13:49
143
Бөлісу:
Трамп пен Харрис пікірталас өткізеді

АҚШ Президенттігіне үміткер Дональд Трамп пен Камала Харрис 10 қыркүйекте алғаш рет пікірталас өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ABC News жазды. Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында қарашадағы сайлауға дейін демократиялық қарсыласымен бірнеше дебат өткізуге дайын екенін жазған. 

Харрис Трамптың пікірін жауапсыз қалдырмады. Мичигандағы халықпен кездесуінде ABC теледебатына қатысатынын растады. Бұған дейін республикалық партия кандидаты Трамп президент Джо Байденмен пікірталас өткізген еді. 

Олар 10 қыркүйекте қайта кездесетін болған. Бірақ Байден АҚШ-тағы президенттік жарыстан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы