Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты

Бүгiн, 03:17
103
Бөлісу:
 АЗЕРТАДЖ басылымы
Фото: АЗЕРТАДЖ басылымы

АҚШ президенті Дональд Трамп Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

Трамп мемлекет басшысы Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның оның кандидатурасын Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ұсыну жөніндегі бірлескен хаты үшін алғыс білдірді.

Бұл жоғары баға үшін Сізге терең ризашылығымды білдіремін. Ол біздің маңызды миссиямызды жалғастыруға жігер береді.

Америка Құрама Штаттарының Президенті ретінде мен әлемдегі қақтығыстарды тоқтатуға, барлық халықтар үшін бейбітшілік пен игілікті қамтамасыз етуге адалмын. Сізбен тұрақты әріптестіктің арқасында біз мүмкін еместі де орындауға қол жеткіземіз. Тағы да Сіздің қолдауыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Дональд Трамп.

Өзгелердің жаңалығы