Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: Оңтүстік Корея кедендік баждарды төмендету үшін 350 млрд доллар төлейді

30 Қазан 2025, 04:27
504
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяның кедендік баждарды төмендету үшін АҚШ-қа 350 миллиард доллар төлеуге келіскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өз мәлімдемесін Truth Social платформасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарына қарсы салынған баждарды азайту үшін 350 миллиард доллар төлейді. Сонымен қатар, олар біздің мұнай мен газдың үлкен көлемін сатып алуға және АҚШ экономикасына 600 миллиард доллардан астам инвестиция салуға келісті, – деді Трамп.

Президент сондай-ақ екі елдің әскери одағы бұрынғыдан да нығайғанын айтып, Сеулге атом сүңгуір қайықтар салуға рұқсат бергенін қосты.

Оңтүстік Корея Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ви Сон Лак Трамптың “елге атом энергиясымен жабдықталған сүңгуір қайықтар қажет” деген ұсыныспен келіскенін растады.

Өзгелердің жаңалығы