Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп неге Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтата алмады

8 Наурыз 2025, 12:04
738
Бөлісу:
 OSINTdefender / Х
Фото: OSINTdefender / Х

Трамптың “Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтату” уәдесіне қатысты Ақ үй өкілі әзілдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2024 жылғы сайлауалды науқаны барысында Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде тоқтата алатынын мәлімдеген болатын.

Трамп бұл уәдесін 20 қаңтарға дейін, яғни өзінің инаугурациясына дейін айтқан.

Алайда АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог бұл мәлімдемеге қатысты қалжыңдап, нақты мерзімнің белгісіз екенін атап өтті.

Президенттің Украинадағы соғысты 24 сағатта тоқтататынын айтқаны естеріңізде болар. Бірақ біз оның қай жылы және қай күні екенін нақтылаған жоқпыз, – деді Кит Келлог Халықаралық істер жөніндегі кеңестің баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы