Newsweek басылымының редакциясы АҚШ президенті Дональд Трамптың Альянсты ыдыратуға мүмкіндік беретін түрлі тетіктерге ие екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Егер ол осы бағытта әрекет етуді шешсе, НАТО үлкен қауіпке тап болуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, Альянсты ресми түрде таратпай-ақ, оны әлсіретудің басты жолы – оған деген сенімді шайқау. Өйткені НАТО-ның негізінде сенім жатыр.
Бұл туралы Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің халықаралық қауіпсіздік және стратегия кафедрасының доценті Дэвид Благден өз пікірін білдірді.
Оның айтуынша, НАТО елдері мен оның қарсыластары АҚШ-тың 5-бапқа деген адалдығына күмәндана бастаса, бұл Альянсты іштей іріте бастайды.
Корольдік біріккен қорғаныс зерттеулері институтының халықаралық қауіпсіздік жөніндегі директоры Нил Мелвин бұл процестің формалды түрде НАТО-дан шығу мәселесінен гөрі, АҚШ-тың одақтастарын шынымен қорғайтынына деген күмәннің күшеюімен байланысты екенін атап өтті.
Сондай-ақ, сарапшылар Трамптың НАТО-ның тек қорғанысқа жеткілікті қаржы бөлетін елдерін ғана қорғайтынын ашық айтуы мүмкін екенін болжап отыр.
Бұл факторлар НАТО-ның болашағына және АҚШ-тың ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне күмән туғызуда.