АҚШ президенті Дональд Трамп смартфон, компьютер және басқа да электроника түрлерін қосымша салықтан босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл қадам сауда соғысы салдарынан биржаларда жағдай қиындағаннан кейін жасалды.
АҚШ Кеден және шекара қызметінің мәліметінше, енді кейбір тұрмыстық техника мен жартылай өткізгіштер өндірісіне арналған құралдар бұрын енгізілген 10%-дық салықтан босатылады.
Алайда, егер бұл тауарлар Қытайда өндірілсе, оларға 20% көлемінде бөлек тариф салынуы мүмкін. Бұл салық Трамптың “заңсыз есірткімен күресу” аясында енгізілген.
Ақ үйдің кеңесшісі Стивен Миллер бұл тауарлар салықтан босатылса да, Қытайда жасалған болса, олар бұрынғыдай 20% тарифке жататынын нақты айтты.