Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Иранмен келіссөздерге қатысуға дайын екенін мәлімдеді

4 Шілде 2025, 05:35
888
Бөлісу:
 REUTERS/Nathan Howard
Фото: REUTERS/Nathan Howard

АҚШ президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерге қатысуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ол Эндрюс әскери базасында журналистерге берген жауабында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, Иран тарапы АҚШ-пен диалог орнатуға мүдделі. Ол Америка Құрама Штаттары Иранға зиян келтіруді мақсат етпейтінін атап өтті.

Мен олардың кездескісі келетінін білемін. Егер қажет болса, мен бұл процеске қатысуға дайынмын, - деді ол.

Сонымен қатар, Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың келіссөздер процесіне белсенді араласып, ауқымды жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы