Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп: Иран ядролық бағдарламасын жалғастырса, АҚШ күш қолдануға дайын

Бүгiн, 02:38
132
Бөлісу:
 AP Photo/ Evan Vucci
Фото: AP Photo/ Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын тоқтатпаса, Вашингтон әскери күш қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Иран ядролық дамуды жалғастыра алмайды. Егер олар бұл бағытта әрекетін тоқтатпаса, әскери операциялар қайталануы мүмкін, – деді Трамп.

АҚШ президенті Вашингтон Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Иран бір сәтте бұл бағдарламадан бас тартуға мәжбүр болады.

Еске салайық, 2025 жылғы 22 маусымда АҚШ Иранның Исфахан, Натанз және Фордодағы ядролық нысандарына соққы жасаған еді. Трамп сонымен қатар АҚШ Ирандағы ішкі жағдайды, оның ішінде наразылық акцияларын мұқият бақылап отырғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы