Трамп: Иран бір түнде талқандалуы мүмкін

АҚШ президентінің айтуынша, АҚШ Иранға қарсы "Эпикалық қаһар" операциясы аясында айтарлықтай жетістіктерге жетуде.

 Getty Images Бүгiн 2026, 03:36
Бүгiн 2026, 03:36
102
Фото: Getty Images

Иран бір түнде талқандалуы мүмкін және бұл түн "ертең-ақ тууы мүмкін", деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп, деп хабарлайды BAQ.KZ Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Америкалық көшбасшының айтуынша, АҚШ Иранға қарсы "Эпикалық қаһар" операциясы аясында бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізуде.

Мұндай деңгей бұрын ешқашан болмаған, – деді Трамп.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ Израильмен бірлесіп Иранға қарсы әскери операция бастаған болатын. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасай бастады. Сонымен қатар, Иран теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың шамамен 30%-ы өтетін Ормуз бұғазын жапты.

Наверх