Трамп Иорданияны Газа босқындарын қабылдауға шақырды

Бүгiн, 06:30
211
Бөлісу:
Трамп Иорданияны Газа босқындарын қабылдауға шақырды
Фото: baq.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Иордания королі Абдалла II мен телефон арқылы сөйлескен кезде Газа секторынан палестиналық босқындарды қабылдауға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Газа секторында мәжбүрлі түрде 1,5 миллион босқын бар. Саясаткердің айтуынша, қазір жағдай өте қиын: тұрғын үй қоры түгел дерлік жойылып, аймақта бейберекеттік орнаған.

Басқа көрші елдер де босқындарды уақытша және ұзақ мерзімді түрде орналастыра алады, – деп қосты Трамп.

БҰҰ мәліметі бойынша, Газа секторындағы ғимараттардың 92 пайызы зақымдалған немесе толығымен қираған. Тұрғындардың барлығы дерлік мәжбүрлі мигранттарға айналды.

Өзгелердің жаңалығы