АҚШ президенті Дональд Трамп және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Гренландия келісімінің негізгі шарттарына келісті. Осыған байланысты Трамп 1 ақпаннан бастап жоспарланған жоғары баж салығын енгізуден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Трамп әлеуметтік желіде бұл шешімнің АҚШ пен НАТО-ның барлық елдері үшін маңызды екенін жазып, келісімнің «ұзақ мерзімді» әрі «шексіз әрекет ететінін» атап өтті. Баж салығы бастапқыда 10%-дан бастап, кейін 25%-ға дейін көтерілуі жоспарланған еді.
Президент Гренландияны АҚШ қауіпсіздігі үшін стратегиялық аймақ деп санайтынын, бірақ күш қолданбайтынын мәлімдеді. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Трамптың мәлімдемесін растады, алайда қосымша келіссөздердің әлі жалғасып жатқанын хабарлады.
ГФР Қаржы министрі Ларс Клингбейл бұл хабарға аса оптимизмге берілмеуге кеңес беріп, диалог жалғасып жатқанын атап өтті.
Трамп бұрын Гренландияны АҚШ бақылауына алу мүмкіндігін қарастырғанын, соның ішінде әскери жолмен немесе сатып алу нұсқаларын айтқанын еске салды. Дания билігі аралдың сатылуына қатысты келіссөз жүргізбейтынын мәлімдеді.